RU
Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы өрт қауіпсіздігін "тексеріп" жағаларын ұстады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы өрт қауіпсіздігін "тексеріп" жағаларын ұстады

Рассказать Вконтакте

Кемеровадағы оқиғадан соң, елімізде түрлі ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қарапайым тұрғындардың өздері тексеруге кіріскен. Бала-шағасының өміріне алаңдағандар өрт сөндірушілердің жайбасарлығына шыдамай, қоғамдық орындардағы біраз былықты әшкере етті деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Астана тұрғындары қаладағы ең ірі сауда орталықтарының біріне барып, онда тоғыз апаттық шығу есігі барын анықтайды. Жоғары қабаттағы есіктер ашық болғанымен, сыртқа шығатыны тас-түйін жабық болыпты.

Дәл осындай сұмдық бірнеше ірі бизнес нысандарында да кездескен. Көбінің дерлік өрт қауіпсіздігі жөнді сақталмаған. Яғни, қызыл жалын шарпыған кезде бой тасалауға арналған есіктері жабық. Неге бұлай деп, күзетшіден сұраса, кілт соның қалтасында жүргені анықталған. Өйткені, өрт шықса есікті ашуға сол жауапты көрінеді. Ол оқыс жағдай болса бәріне үлгерем деп жайбарақат жүр екен.

Тіпті ата-аналар балабақшадағы апаттық есіктің де жабық тұрғанына қапалы болыпты.

Бірақ, жұрт түрлі нысанның былығын әшкерелеп, видеоға түсіргенмен, ол жауаптыны жазаға тартуға жеткіліксіз екен. Ғимарат иесін жазалау үшін, тұрғындардан жазбаша шағым түсуі тиіс дейді мамандар.

Арыз ресми тіркелгенде ғана, өрт сөндірушілер тексеру жүргізіп, мән-жайды анықтай алады. Егер ғимараттың ереже бұзғаны расталса, иесіне 120 мың теңгеайыппұл салынады. Заңда басқа жаза қарастырылмапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір