RU
Төрт жасар қызын жыныстық қатынас үшін сатқан әке 60 жылға сотталды
Жаңалықтар Әлемде

Төрт жасар қызын жыныстық қатынас үшін сатқан әке 60 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Техастың 30 жастағы тұрғыны Эндрю Терли өзінің төрт жасар қызымен жыныстық қатынасқа түскісі келген азаматтан 1000 доллар алмақ болған деп хабарлайды KHOU11 телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Аталмыш хабарландыруды азамат Craigslist сайтына шығарыпты.

Оны байқаған құқық қорғау органы қызметкерлері жасырын сатып алушы ретінде, жауыз әкеге қызының ақысын төлейтіндерін айтқан. Терли ақшаны ала салысымен, "сатып алушыларды" қызының бөлмесіне алып келіпті. Полиецейлер Терлиді сол жерде тұтқынға алады.

Айта кету керек, Терли өзінің жұбайымен ажырасқан соң, кішкентай қыз анасымен қалған. Алайда азамат оны кей күндері өз үйіне алып кетіп отырған.

Сот оны кінәлі деп тауып, 60 жылға бас бостандығынан айырды. 45 жылдан соң қылмыскер шартты түрде босап шығуы мүмкін екен.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
3
5
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір