RU
Аса қауіпті қылмыскерге ғашық болған полицей "сүйіктісімен" қашып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Аса қауіпті қылмыскерге ғашық болған полицей "сүйіктісімен" қашып кетті

Рассказать Вконтакте

41 жастағы Мишель Мессер 46 жастағы аса қауіпті қылмыскер Кори Чапинмен екі апта бойы қашып жүрген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: imgur.com

фото: imgur.com

Психикалық ауытқуы бар азамат адамды ұрлау және есірткі сақтау баптары бойынша айыпталып, Арканзес штатының жындыханасында ем қабылдап жатқан.

Кори Чапин психиатриялық ауруханаға 2015 жылы түскен. Дәрігерлер оның басқа адамдарға аса қауіпті екенін айтқан.

2016 жылы Кориді әкесіне барып келу үшін екі күнге босатыпты. Ал қылмыскер болса, Лас-Вегасқа қашып, бір жарым жыл бойы қолға түспей келген.

Коридің қашуына психиолог-полицей Мишель Мессер көмектесіпті. Белгілі болғандай, әйел науқас азаматқа ғашық болып қалғандықтан, бірнеше рет оған тыйым салынған заттарды жеткізіп беріп отырыпты.

фото: imgur.com

фото: imgur.com

Нәтижесінде Мишель мен Кори жындыханадан бірге қашып кетіп, Лас-Вегаста жасырынған. Алайда ғашықтар көп ұзамай қолға түсіпті. Енді олар Невада штатындағы түрмеге жабылған.

Олардың қанша уақыт жазасын өтейтіндері әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір