RU
Куәгер: Қызылордада екі қоғамдық көлік жарысып, жолаушыны қағып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Куәгер: Қызылордада екі қоғамдық көлік жарысып, жолаушыны қағып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp желісіне Қызылорда қаласының тұрғындары видео жолдап, жантүршігерлік жол апатының куәсі болғанын айтқан. Куәгерлер екі қоғамдық көліп жарысып келіп, жолаушыны қағып кеткенін хабарлаған.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, қайғылы оқиға кеше, Қызылорда қаласының орталығындағы Әйтеке би көшесінің бойында орын алған. Онда 15 және 21 нөмірлі қоғамдық көліктері бірінен-бірі озбақ болып, қатты жылдамдықпен жүрген. Нәтижесінде жол бойындағы адамды қағып кеткен көрінеді.

Видеожазбада әйел адамның жерде ес-түссіз жатқанын байқауға болады. Оның жанына үймелеген халық "қоғамдық көлік жүргізушілерін жазалау керек" дегенді айтуда.

Қызылорда қалалық ІІБ жол-көлік оқиғасының болғанын растап отыр.

"28.03.2018 жылы сағат 17.30 шамасында Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойындағы жаяу жүргінші өтпелінен өтіп бара жатқан азаматшаны қағып кету дерегі бойынша адамдар тасымалымен айналысатын №15 бағыттағы қоғамдық автокөлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделді.
Жәбірленуші алған дене жарақаттарына байланысты қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді құзырлы органның баспасөз қызметі.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
5
2
1
4
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір