RU
Қайрат Нұртас отбасын жасыру себебін айтып, құпияларымен бөлісті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас отбасын жасыру себебін айтып, құпияларымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас жақында ғана еліміздің басты қалаларында ән кешін өткізіп, көпшілікке балаларын таныстырған болатын. Әнші күні кеше неліктен отбасы жайлы он жылдан бері жақ ашпағаны жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас әйелі мен балаларын жасырған себебін ашып айтты. Фото: Instagram

Қайрат Нұртас әйелі мен балаларын жасырған себебін ашып айтты. Фото: Instagram

Әнші бұл жайында Instagram парақшасында жариялады.

«Он жыл бойы отбасымды жасырып қарағаным,

Сол отбасымның тыныштығын қалағаным.

Он жыл бойы әйелімді жасырып келгенім,

Өз-өзіме сенгенім...

Көпшілікке көрсетпей,

Өзім ғана көргенім ....

Он жыл бойы бала-шағамды жасырғаным,

Олар менің қымбат қазынам, асылдарым...

Ал қазағым, қара орман, жасыл бағым,

Бәрі сіздер үшін, барымды жасырмай көрсетіп, бүгін ашылғаным,

Бәрі Сіздер үшін!» - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары сүйікті әншілеріне тек қана бақыт тіледі.

«Бақытты болыңыздар», «Көз тимесін», «Балапандарыңыз аман болсын», «Дұрыс. Әр ісіңді саралап жасайсың» деп жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан біраз уақыт бұрын «Үздік әйел рөлі» номинациясын иеленген болатын. Алайда өнер иелері Қайрат Нұртастың келіншегі бұл марапатқа лайықты емес деп реніштерін білдірді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
0
3
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір