RU
Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын менсінбейді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын менсінбейді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы отбасын жасырып, жұбайын кино арқылы дүйім жұртқа таныстыру идеясы Гүлзира Айдарбекованың ойымен жүзеге асқан. Таяуда ғана төрт немересін де көпшіліктің алдына шығару пысық продюсердің жоспарынан туындаған еді. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Қайраттың анасы, жанұялық жоспарлары жайлы былай дейді.

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

«Жұрттың бәрі менен: «Сіз осыны баяғыда жоспарлап қойғансыз ба?", - деп сұрайды. Мен ойлаймын бұл Алланың берген сыйы шығар деп. Кейде ойлап отырамын. Әйтеуір ешкімге жасаған жамандығым жоқ. Ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын. Сондықтан да Құдай дегенімнің барлығын болдырып тұратын шығар. Құдайы бар адам екенмін ғой деп қуанамын. Әйтеуір аяқ астынан кейде бір ойлар туады. Сол жақсы болып, абырой болып жатады. Кейбір нәрселер болмаса, идеяның барлығы аяқ астынан болады», - дейді продюсер.

Идеяның тосыннан туындайтынын айтқан Гүлзира немелерінің болашақ кәсібі мен мінез-құлықтарына жеке-жеке тоқталды.

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

«Негізі үлкен немерем Сезім туылған кезде атасы өзі иемденіп алған. Ол менің қызым деп ешкімге тиістірмейді. Ешқайсымызға сөйлеткізбей, қатты еркелетті. Сезім енді сезімтал. Біреу бір нәрсе айтса, сол ойынан кетпейді. Көңіл-күйі болмай, жасайтын жұмысын жасай алмайды. Сезімтал болып өсті», - дейді Қайраттың анасы.

Сезімді атасы бауырына басса, Қайраттың екінші қызы Алау апасының меншігінде екен.

«Екінші қыз Алау! Ол маған тиесілі болды. Сонымен өзім бауырыма басып, Қайрат пен Жұлдыздан қызғанып, бір жаққа кетіп бара жатса алып қалып, менің иісім сіңсін деп, түнімен қасыма алып жататынмын. Содан кейін шығар, мені айлап күтеді. Келмесем ватсаппен суреттерін жіберіп, «Апа сағындым, қашан келесің», - деп ол маған өте жақын. Алау тура өзім сияқты. Алқынып, жұлқынып тұр. Өте отты. Көздерінен де от шашып тұр. Тірлігі де, қимылы да тура апасы деп жатады. Ол енді ән айтып билеген кезде, тура шет елдегі Бейонсе бар ғой, тура сол Қазақстанның Бейонсесі болады деп ойлаймын. Алау - алау десе алау болып тұр енді. Республика сарайында концерт болады десе, ол жерлер кішкентай ғой деп менсінбейді. Ол «Алматы арена» мен «Астана арена» деп ойлаған екен. Алаудың арманы асқақ», - дейді апасы.

Қайрат пен Жұлдыздың үшінші перзенті Нарұл есімді балақай. Әншінің мұрагері отандық кинонарықта қызмет етуі бек мүмкін.

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

«Ал одан кейінгі ұлдар енді атасы мен апасының балалары. Үлкен ұл – Нарұл. Ұлдың нары болсын деп, Нарұл қойғанбыз. Ол да әкесімен ән айтып шықты. О да өзінің таңдауы болды. Енді оның арманы көп. Әлі бір нәрсеге тоқталған жоқ. Атасы актер болады деп отыр. Әлі кішкентай ғой. Бірінші сыныпта оқиды. Көре жатармыз», - дейді Айдарбекова.

Жұлдызды жанұяның бар үміті кенже ұлда. Қайрат Нұртастан аумай қалған Хан әке жолын қуып, шоу-бизнестің жұлдызына айналса, таң қалмаңыз!

«Ең кішкентай Хан! Оның дауысының харизмасы дейді ғой, хриптары бәрі әкесіне ұқсайды. Сол төртіншіміздің дұрыстап әлі тілі шыға қойған жоқ қой. Сол төртіншіміз Қайраттың жолын қуатын шығар деп отырмыз.

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың қызы Республика сарайын кішкентай деп менсінбейді

Оның үстіне өзінің денесі тығыз. Қазірден бірде әнші қылатын боламыз, бірде боксшы қылатын боламыз, біресе балуан қылатын боламыз. Көтерген кезде денесі зілдей, өзі ерекше. Түрі тура Қайратқа ұқсайды. Қайраттың бала кезіне. Мінезі де сондай», - дейді Гүлзира.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
71
2
1
0
3
41
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel