RU
Жөтелден дәрісіз-ақ қалай құтылу керек екенін білесіз бе?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Жөтелден дәрісіз-ақ қалай құтылу керек екенін білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Қыс аяғы мен көктем мезгілінің бас кезінде балалар суықтап, жөтеліп қалатыны бар. Мұндайда баланы айналадағы инфекциялардан алыстату қиын. Осындайда сәбиіңіздің ағзасын дәрілермен уламай, халық емін пайдаланған әлдеқайда тиімді деп хабарлайды ERNUR.KZ порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жөтелден дәрісіз қалай құтылу керек екенін білесіз бе?

Жөтелден дәрісіз қалай құтылу керек екенін білесіз бе?

Сондықтан да аналарға көмек ретінде төмендегідей бірнеше халықтық емдеу тәсілдерін ұсынбақпыз.

* 1 дана картоп пен 1 дана пиязды және 1 дана алманы бір литр суға салып, баяу отта қайнатасыз. Картоптың қабығын аршымайсыз. Ал, пияздың қабығын аршу керек. Сөйтіп осы қайнатпаны екі есеге азайғанша оттан алмай, қайната бересіз. Дайын болған сұйықтықты балапаныңызға 1 шай қасықтан күніне 3-4 рет берсеңіз, жөтелден тез жазылады.

* Жаңадан сығылған қырыққабат шырынына бірдей көлемде шекер қосып, жақсылап араластырасыз. Бұл сусын қақырық түсіруге таптырмас дәрі бола алады. Қанттың орнына бал қоссаңыз, дәрінің әсер етуі күшейе түседі.

* 1 ас қасық қарағай бүршігін 1 стақан суға салып қайнатып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30 минут кейін дайын болған дәріні 1-2 ас қасықтан, күніне 3-4 рет қабылдау керек.

* Зәйтүн майы мен балды бірдей көлемде араластырып, балаларға 1 шай қасықтан, күніне 4-5 рет беру керек. Тек балдың тазасын таңдай алсаңыз болғаны.

* Бір дана лимонды алып, оны қабығымен бірге 10 минуттай қайнатасыз. Сосын суытып, қабығын аршисыз да, шырынын сығасыз. Осы шырынға 2 ас қасық глицерин мен осы араласпамен бірдей көлемде бал қосасыз. Барлығын жақсылап араластырып, күніне 2-3 рет, бір шай қасықтан қабылдап отыруға болады. Мүмкіндігінше жөтелге қарсы бұл дәріні тамақтанардан бір сағат бұрын ішкен жөн.

Жөтелді қойдырудың мынадай амалдары да бар:

* Ол үшін табиғи өнімдерді қайнатып, ингаляция жасайсыз. Бір литр қайнап тұрған суға табиғи эвкалипт майын немесе кез келген қылқан жапырақты ағаштың майын қосасыз. Тек майдың дәріханада сатылуға рұқсат берілген түрін ғана аласыз. Енді осы сұйықтықты оттан алып, біраз уақыт салқындатыңыз. Содан соң балаңызды отырғызып, басын қалың сүлгімен немесе матамен жауып, сол судың буымен демалдырасыз. Балаңыз терең-терең демалып, хошиісті бумен нәрленуі керек. Мұндай емдік тәсілді үш рет жасағаннан кейін, бала жөтелден құлан таза айығады.

* Жөтел қысқан балаға таңқурай қосылған шай ішкізсеңіз, тез арада ауруынан айығып кетеді.

* Мынадай компрестің де көмегі орасан. Ол үшін бізге 1 ас қасық бал мен алоэ шырыны және арақ керек. Барлығын араластырып, баланың арқасына жағасыз да, ақ қағаз жабыстырып, оның сыртынан жейдесін кигізіп жылы орап ұйықтатасыз. Ақ қағаздың сыртынан кленкамен орауға да болады. Мұндай компресті 1-2 рет жасасаңыз, балаңыз жөтелден біржолата құтылады.

* Ең қарапайым тәсіл. 1 дана пиязды алып, қабығын аршисыз да, төртке бөлесіз. Сосын оны банкаға салып, үстінен 1 шай қасық бал салып, қақпағын жабасыз. Осылайша пиязға таңға дейін тиіспейсіз. Сонда таңертең дәмді шәрбат дайын тұрады. Мұны қатты жөтел қысқанда кішкентайыңызға 1 шай қасықтан, әр сағат сайын беріп отыруға болады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
2
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір