RU
Семейлік келіншек: Нағима Есқалиева менің барлық әндерімді ұрлап алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Семейлік келіншек: Нағима Есқалиева менің барлық әндерімді ұрлап алды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Нағима Есқалиева өзіне «Х-Factor» бағдарламасының қатысушысы жала жапқаны жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Нағима Есқалиева менің бүкіл әндерімді ұрлап алды. Фото: nur.kz

Нағима Есқалиева менің бүкіл әндерімді ұрлап алды. Фото: nur.kz

Аталмыш бағдарлама барысында басынан неше түрлі қызық оқиғалар өткенін әнші баяндап берді.

Кейде ұрыс-керіс өршісе, кейде өсектің құрбаны болғанын да жасырмады. Осыдан біраз уақыт 40-тан асқан бір қатысушы Нағима Есқалиеваға «барлық әнімді ұрлады» деп те жала жапқан екен.

«Семейден келген келіншек болуы керек. Жасы 47-48-дер шамасында. Ол ұзын қызыл көйлекпен келіп ән салды. Тіпті Уитни Хьюстонның да әндерін жанды дауыста орындай алатынын айтты. Бірақ қазылар алқасына оның өнері ұнамады», - деп еске алды әнші.

«Барлығы келесі кезеңге жібермеген сәтте «Мынаның бәрін жасап отырған Нағима. Ол үнемі мені аяқтан шалып жүреді. Ол менің барлық ноталарымды ұрлап алды» деп айқай салды. Ол "барлық әнімді" деп айтқысы келген шығар. Оның шынайы айқай шығарғаны соншалық, сенуге тұрарлықтай еді. Алайда мен оны өмірімде алғаш рет көргенмін», - деді Есқалиева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
23
2
0
2
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір