RU
Сән әлемінде жүрген Динара Сәтжан енді кітап жазумен айналыспақшы
Жаңалықтар Қоғам

Сән әлемінде жүрген Динара Сәтжан енді кітап жазумен айналыспақшы

Рассказать Вконтакте

Белгілі тележүргізуші, журналист Динара Сәтжен енді оқырмандарын авторлық кітабымен қуантпақшы. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан енді кітап жаза бастады

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан енді кітап жаза бастады

Журналистикамен бірге соңғы жылдары сән индустриясында бой көрсете бастаған Динара Сәтжан кітап жазуды қолға алмақ. Автор алғашқы туындысын еліміздің бизнесте жүрген нәзік жандыларына арнамақ.

Instagram парақшасында аталмыш жаңалығымен бөліскен ол оқырмандарынан кітап кейіпкері ретінде кімді көргісі келетінін сұраған.

«Бизнесте өз жолын тапқан қазақстандық әйелдер туралы кітап жазбақпын. Айтайын дегенім, бұл туынды тек өмірде орын алған нақты мысалдар мен шынайы кейіпкерлерден тұрмақ. Алғашқы кейіпкерлерімнің бірі – Санди Бексырға. Ал, сіз осы еңбекте тағы да кімді көргіңіз келеді?»,-деп жазған ол өз парақшасында.

Оқырмандар да аталған сұраққа түрлі жауаптар қалдырған. Бірі «Аружан Саин», «Жанат Бақыт», «Дана Нұржігіт» десе, енді бірі «Жадо», «Аида Кауменова» сынды сән әлемінің майталмандарын жазған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
16
1
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір