RU
Алматы тұрғындарын сан соқтырып кеткен төраға Қарағандыда қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғындарын сан соқтырып кеткен төраға Қарағандыда қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда «Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының» төрағасы ұсталды. Іздеуде болған кәсіпкер бірталай алматылықтарды алдап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Алматы қаласы ІІД-нің мәлімдеуінше, алматылық тұрғындар тарапынан Талғат Акуовтың атына көптеген арыз-шағымдар келіп түскен. Сол себепті "Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының" төрағасына іздеу салынды.

Сот Талғат Акуовқа сырттай қамауға алу үкімі шығарды.

Нәтижесінде Қарағандыда ұсталған төрағаны Алматы қаласына мән-жайды біліп тексеру үшін алып келді.

«Оған қоса, Алматы полициясы Акуовтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды ІІД-нің тергеу басқармасына келіп, өз шағымдарын түсіруге болады. Не болмаса келесі байланыс нөмірлер арқылы хабарлауға мүмкіндік бар: 254-41-15 и 8-705-555-53-44», - деп хабарлады ІІД.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel