RU
"Менен де қара": Нұржан Керменбаев жақында дүниеге келген ұлын көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Менен де қара": Нұржан Керменбаев жақында дүниеге келген ұлын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Нұржан Керменбаевтың шаңырағында екінші сәби дүниеге келген болатын. Әнші ұлын көпшілікке "таныстырды" деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев жақында туылған ұлын көрсетті. Фото: Instagram

Нұржан Керменбаев жақында туылған ұлын көрсетті. Фото: Instagram
Source: UGC

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.

«Отбасым - байлығым! Қолы менікінен де қап-қара ма деп қалдым. Таныс болыңыздар! Омар Нұржанұлының қолы. Періштелеріміз, балапандарымыз аман болсын», - деген жазба қалдырды ол.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары күлкіге қарық болып, балақайдың ғұмырлы болуын тіледі.

Оқырмандар «Нағыз кап-карашка», «Әкесіне ұқсаса жаман болмас», «Бауы берік болсын», «Өзіңізден айнымай қалыпты ғой» деп пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
25
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel