RU
Қайрат Нұртай: Шымкенттіктер Наурыз мерекесін ерекше қарсы алды
Жаңалықтар Қоғам

Қайрат Нұртай: Шымкенттіктер Наурыз мерекесін ерекше қарсы алды

Рассказать Вконтакте

Биыл Шымкентте Ұлыстың ұлы күнін атап өту өз ерекшелігімен есте қалды. Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен мерекелік бағдарлама 5 күнге созылды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қ.Нұртай: Шымкенттіктер Наурыз мерекесін ерекше қарсы алды
«Наурыз біздің ұлттық жаңғыруымыздың, ұлт құндылықтарға көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші. Сондықтан да Ұлыстың ұлы күнін нағыз халықтық мерекеге айналдыру үшін көптеген жаңашыл іс шараларды өткізуді қолға алдық», - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.

«With Love from Shymkent» атты акция әуелі әуежайдан бастау алды. Шымкентке келіп қонған қонақтарға қызғалдақ гүлі таратылып, тосын сый жасалды. Шымқалаға қадам басқан бейтаныс адамдар мұндай ілтипатқа риза болысты.

«Елімізде тұңғыш рет Шымкент қаласында Наурыз мерекесінде «Ашық аспан» әуе шарларының халықаралық фестивалі өтті.

Мұндай алып шарлар фестивалі Еуропаның дамыған мемлекеттерінде өтеді және ол отбасылық мерекеге айналған.

Әуе ұшыру аймағында 15 аэростат орналастырылып, мерекеге келген халық жерді биіктен тамашалауға мүмкіндік алды.

Фестивальдің соңы "Түнгі жарықшамдар" шоуына ұласып, халыққа ғажайып мерекелік көңіл-күй сыйлады», - деді Нұртай.

Сонымен қатар Наурыз күндері Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай Ташкент-Шымкент халықаралық велошеруі ұйымдастырылды.

«Ташкенттегі Қазақстан Республикасының елшілігі алдынан басталған велошеруге Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Е.Өтембаев пен Өзбекстанның дене шынықтыру және спорт министрі Ш.Исраилов, ОҚО әкімінің орынбасары Е.Садыр, мен өзім және облыстық, қалалық спорт басқармаларының басшылары қатыстық.

Жай қатысып қоймай, тарихи іс-шараға өз үлесімізді қосып, Ташкенттегі елшіліктен екі елдің шекарасына дейін велосипедпен жүріп келдік.

Наурыздың тарихын бергі заманнан іздеу адамзаттың көне тарихын, жасампаздығын мойындамаудың көрінісі. Рас, Наурызды бүкіл халықтық мемлекеттік мереке ретінде 1988 жылдан бері тойлап келеміз. Алайда бұл мерекенің тарихына үңілсек, Нұқ пайғамбар заманымен байланыстыруға болады. «Наурыз Қазығұрттан басталады» дейтін себебіміз де осы", - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір