RU
Теміртаудағы «қара жауын» қала тұрғындарын әбігерге салды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Теміртаудағы «қара жауын» қала тұрғындарын әбігерге салды (видео)

Рассказать Вконтакте

Теміртауға қара жауын-шашын түсті. Бұл туралы қала тұрғындары мәлімдеді. Олардың айтуынша, жауыннан кейін киімдерде қалған қара дақтар кетпей қойған деп хабарлайды «31 арнаға» сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: 31.kz

Фото: 31.kz
Source: UGC

Теміртаудың қара жауындарына үйренісе алмай жүрген тұрғындар, қалада өмір сүру қорқынышты болып бара жатқанын айтты.

Экологияның нашарлауына олар барлық зауыт-фабрикаларды, әсіресе «АрселорМиттал Темиртау» мекемесін кінәлі санайды.

Компания өкілдері өз кезегінде, зауыттардан шығатын қалдықтар саны азаюда екенін айтады.

«Жасыратыны жоқ, бізде бәрі жақсы деп айта алмаймыз. Шешілмей тұрған мәселелер жеткілікті. Алайда, біз ол тығырықтан шығар жолды іздестіріп жатырмыз. Бұйыртса жақында ол мәселеде шешіліп қалады. Бізге де түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын»,- деді «АрселорМиттал» мекемесінің атқарушы директоры Вадим Басин.

Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік компаниялар автокөліктерді газға көшіру, қалдықтар көлемін бақылау және көгалдандыру шараларын біріктіретін жоспарды іске асыруды ұсынып отыр.

Алайда, экологтар мәселені шешу үшін бұл аздық етеді деген пікірді ұстануда.

Қазіргі таңда, ластаушы-мекемелер мемлекеттік бюджетке жылына 13 млрд тенге төлейді. Мамандардың айтуынша, экологияға зақым келтірген үшін бұдан анағұрлым көп қаражат төлеу керек. Мекемелер тазарту құрылғыларын орнатқанның орнына, сол сомманы төлеуді жөн көріп отырса керек дейді мамандар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel