RU
Алматыда баспалдақ астын паналаған науқас азамат үш күннен бері аш қалған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда баспалдақ астын паналаған науқас азамат үш күннен бері аш қалған

Рассказать Вконтакте

Алматыда баспалдақтың астын паналап жүрген азамат жұрттың жүрегін елжіретті. Өзін Олег деп таныстырған азамат ауруханада ота жасатып шыққан соң, барар жері болмай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Олег қазір сөйлей алмайды екен. Тек кей дыбыстарды шығарып, қолмен көрсетеді немесе қағазға жазады. Айтуынша ол тамағынан обыр дертіне шалдыққан. Тараздан Алматыға келіп ем қабылдаған соң, қайтуға ақша таппай жүр екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Олег Таразда екі бірдей қызым бар деп отыр. Алайда олар әкесінің ауруын естігенде, онымен араласпай қойыпты. Науқас азамат осымен үшінші күн баспалдақ астын мекен етіп, аш жатқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
9
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel