Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аружан Саин басына ине тығылған бүлдіршіннің жантүршігерлік оқиғасын баяндады

Опубликовано:

«Милосердие» ерікті қоғам қайырымдылық қорын директоры Аружан Саин ОҚО-дағы кішкентай қыздың жантүршігерлік оқиғасын айтып берді. Оның айтуынша, бүлдіршін өзінің туған ата-анасынан жапа шегіп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: tobolinfo.kz
Фото: tobolinfo.kz: UGC

Айна есімді қыз туралы жазбасын Аружан Саин өзінің Facebook парақшасына жүктеген. 2016 жылы «ДОМ» қайырылымдық қорына қыздың әкесі көмек сұрап келген көрінеді.

Ол Айнаның өңеш күйігін емдеуге қаражаты болмаған соң қорға келуге мәжбүр болған. Қор қызметкерлері бірден халықаралық ауруханаларды іздестірумен айналысқан.

Алайда, ұсынылған медициналық анықтама аурухана қызметкерлерін қатты таңғалдырған. Белгілі болғандай, кішкентай қыздың денсаулығына қатты зақым келтірілген. Мұндай жарақаттардан адам тіпті өліп кетуі де мүмкін дейді мамандар.

Бір жасында бүлдіршін аса ауыр бас жарақатын алса, алты айдан кейін бала еңбегіне ине тығылғаны анықталды. Оған қоса, Айна өңеш, ауыз қуысы мен мұрнын қатты күйдіріп алса керек.

Аружан Саинның айтуынша, жарақаттардың келтірілу сипаты бүлдіршінге қышқылды қасақана ішкізгенін аңғартады. Бұл оқиғадан кейін ол, зонд арқылы тамақтануға мәжбүр болды. Бес жасқа толғанда оның салмағы небәрі 8 келіні құраған.

Екі жас 8 айлығында оның арқасы мен кеуде қуысына тігін инелерін тығып алған. Олардың кейбіреулерін шықпаған көрінеді. Баланың жағдайы өте нашар халде болса керек. Өз жасындағылар үшін салмағы тым аз, оның үстіне эзофагит, гепатомегалия және екі жақты пневмонияға шалдыққан.

Белгілі болғандай, Айнаның әкесі қызын шетелде емдетуге қарсылық білдірді.

Қайырымдылық қоры Бас прокуратураға хат арқылы жағдайды түсіндіріп, Астанадағы мемлекеттік ауруханаға ауыстыртып алып, Үндістанға ем алуға жіберу үшін қолдау көрсетуін сұрады.

Қор қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қорлықтар жалғаса берсе, ерлі-зайыптылар Айнаны өлтіріп тынады.

Қор бүлдіршіннің қазіргі жағдайынан бейхабар, өйткені әкесі байланысқа шықпай жатыр.

«Кәмелетке толмағандар құқықтарын бақылау бөлімі біздің хаттарымызды оқымаса, іс тергеушісі Айнаның қауіпсіз бала үйінен гөрі, қорлық көрсеткен ата-анасының қасында болғанын дұрыс санайды», - дейді Аружан Саин.

Қыздың әкесі Бас прокуратураға жүгінген қорға ашуланып, хатты қайтарып алуды талап еткен.

Қор директоры қатыгез ата-ананың бұл сорақы қылығы сау туылған баланың денсаулығын құртқаны жанына бататынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723798-aruzan-sain-basyna-ine-tygylgan-bldirsinni-zantrsigerlik-okigasyn-baandady/

pixel