RU
Аягөздегі жалғызбасты анаға баспана сыйлаған өнер жұлдыздары елді тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аягөздегі жалғызбасты анаға баспана сыйлаған өнер жұлдыздары елді тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал өнер жұлдыздары мен "Қарекет" қоры Аягөздегі үйін топан су басқан отбасылардың біріне үй сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы қазақ әншісі Бағлан Әбдірайымов өзінің желідегі парақшасында жазды.

Танымал өнер жұлдыздары Аягөздегі

Танымал өнер жұлдыздары Аягөздегі
Source: UGC

Ол қуанышты хабарды елге жеткізді. Айтуынша, үйді жетімдер үйінде өскен

"Сүйінші ағайын! Алланың қалауымен "Қарекет" қоры және "Өнер қырандары" бастаған өнер адамдары Аягөзден тағы бір отбасына үй сыйлады.

Бұл баспана су алған кезде, сол үйде пәтер жалдап тұрып жатқан, жетімдер үйінде тәрбиеленген жалғызбасты, үш баланың анасы Гүлжайна Тұрсынбекқызына бұйырды.

Кілтті табыс етуге Алматыдан "Харекет" қорының директоры Алғадай Әбілғазыұлы және Шарипа Малғаждарқызы барды.Шараға Аягөз қаласының әкімі Дүйсенбаев Жұмағали, қала имамы Думан Нәдірұлы, қалалық мәслиxат депутаты Еркін Юсупов, ақын Ринаттың әкесі-Мамырсу ауылы мектебінің директоры Рифxат Зайтұлы, "Хабардың" жергілікті тілшісі Болат Көкенайұлы қатысты.Жоғарыдағы азаматтар осы отбасын таңдауға көмегін жасаған еді.

Алла баршасына разы болсын! Жаңа үйіне кілем сыйлаған Шарипа апа мен Рифxат ағаға, барша xалыққа ризашылығын білдірген Гүлжайнаның , бала-шағасының қуанышы шексіз болып:"Мен анамның мейірімін алмап едім.Осы мейірімді Сіздерден алдым",-деп ағынан жарылды.

Осы баспананы алуға атсалысқан әрбір азаматқа Алла разы болып, екі дүниенің бақытын сыйласын!", - деп жазды риза болған Бағлан Әбдірайымов.

Өнер жұлдыздарының бұл әрекетіне тәнті болған желі қолданушылары жылы оебіздерін жаудырды. Осындай игі істерімен елге үлгі болып жүрген азаматтар көп болса екен деген тілек білдірді олар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel