Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны отбасылық жанжалдан соң терезеден секіріп кеткен

Опубликовано:

Күйеуімен сөзге келіп қалған павлодарлық келіншек терезеден секіріп кетті деп хабарлайды «ҚазАқпарат-қа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар тұрғыны отбасылық жанжалдан соң терезеден секіріп кеткен. Фото: Неформат. Информационный портал
Павлодар тұрғыны отбасылық жанжалдан соң терезеден секіріп кеткен. Фото: Неформат. Информационный портал: UGC

Қазіргі уақытта полицейлер суицид оқиғасының себеп-салдарын анықтау үстінде.

«Оқиға 22 наурыз күні түнгі сағат 02.30 шамасында Қаратаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ішімдікке мас болған 22 жастағы келіншек күйеуімен болған отбасылық кикілжіңнен кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында екінші қабаттан секіріп кетті»,-деп хабарлайды Павлодар облысының ішкі істер департаменті.

Айта кетейік, терезеден секірген азаматша жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1723824-pavlodar-trgyny-otbasylyk-zanzaldan-so-terezeden-sekirip-ketken/

pixel