RU
Атышулы «Қалаулымның» тағы бір қатысушысы жобадан кетіп тынды
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы «Қалаулымның» тағы бір қатысушысы жобадан кетіп тынды

Рассказать Вконтакте

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының тағы бір қатысушысы жобадан кетті. Бұл жолы көрерменге Жанеркенің «бұрынғы жігіті» ретінде есте қалған Мәди Рахымбай бағдарламадан кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Атышулы «Қалаулымның» тағы бір қатысушысы жобадан кетіп тынды

Атышулы «Қалаулымның» тағы бір қатысушысы жобадан кетіп тынды

Бұл туралы ол бағдарламаның бүгінгі кезекті санында мәлімдеген. Оңтүстік жігіті жан жарын енді бағдарламада емес, өмірде кездестіремін дейді.

«Ия, бұл шешімге келу оңайға келген жоқ, көп ойландым, Қалаулым жобасының ұжымымен ақылдаса келе осындай бір шешімге келдім... 2017 жылы, жаз айында осы бағдарламаға келдім, 9 ай өтіпті, өкініштісі өз жартымды осы бағдарламадан таппадым, өкінбеймін, Алла тағалам әр бір адамға өз жартысын жаратқан, "бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді " - дейді қазақта. Өмірімнің соңғы деміне дейін қасымда болатын жан-жарымды кездестіруіме Алла нәсіп етсін», - деп жазба қалдырған ол өзінің Insagram парақшасында.

Сонымен бірге, жоба қатысушысы «Қалаулымда» «түрлі оқиғалардың куәсі болып, ақ пен қараны ажырата білуді үйрендім» деп ағынан жарылған.

«Қалаулым жобасында осы уақытқа дейін көптеген өмірлік жағдайларды өз көзіммен көрдім, қаншама жақсы адамдармен таныстым. Ақ пен қараны ажыратуды да білдім. Көптеген жақсы сәттер болды. Осы уақытқа дейін қолдаған барша жандарға алғысым шексіз. Әрине өмір бұнымен тоқтамайды, ары қарай өмірдің қызығы көп ИншАлла. Осындай ұжымда болғаныма қуаныштымын. Қалаулым ұжымына Үлкен рақмет»,-деп сөзін қорытындылаған.

Желі қолданушылары, Мәдидің бұл шешіміне қатысты «Дұрыс болған», «Ата-әжеңнің сөзіне құлақ ас», «Бақытты бол» деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
5
6
2
9
25
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel