RU
Қарағандылық полицей өз әріптесін атып тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандылық полицей өз әріптесін атып тастады

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық полицей байқаусызда өз әріптесін қарумен атып жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандылық полицей өз әріптесін байқаусызда атып алды. Фото: NUR.KZ

Қарағандылық полицей өз әріптесін байқаусызда атып алды. Фото: NUR.KZ

Қазыбек би ауданының соты екі жақтың татуласуына байланысты, кінәлі азаматты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан.

25 жастағы кінәлі азамат қазіргі уақытта жұмысынан босатылған. Иығынан оқ тиген азамат ұзақ уақыт ауруханада жатып, емделген.

Сот отырысында өзінің әрекетін толығымен мойындаған азамат, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген.

Оның айтуынша, оқиға байқаусызда орын алған. Бұл мәліметті жапа шеккен азамат та растаған. Сондай-ақ зардап шеккен тарап, әріптесін бостандыққа жіберуді өтінген.

Сот қылмыстық істі тоқтатып, бұрынғы полиция қызметкерін жауапкершіліктен босатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel