RU
Қарағандыда үш ер адам екі жарым минутта дүкен тонап, 12 млн теңгенің бұйымын алып кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда үш ер адам екі жарым минутта дүкен тонап, 12 млн теңгенің бұйымын алып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласында «Айгүл» зергерлік бұйымдар сататын дүкенін белгісіз біреулер екі жарым минутта тонап, 12 млн теңгенің бұйымыны алып кеткен. Оларды тіпті жедел топтың өзі ұстап үлгермеген деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағандыда үш ер адам екі жарым минутта дүкен тонап, 12 млн теңгенің бұйымын алып кетті (видео)

Қарағандыда үш ер адам екі жарым минутта дүкен тонап, 12 млн теңгенің бұйымын алып кетті (видео)

Бұл жайт 15 наурыз күні орын алған. Үш ер адам дүкеннің темір торлы терезесін қиратып ішке кірген.

«Дүкен ішінде қылмыскерлер өздерін жинақы ұстаған, әрқайсысы бір-бір витринадаға алтындарды алған», - дейді салон иесі Айгүл Мұқанова.

Олар бетперде киіп алғандықтан камерадан кім екендіктерін тану қиын. Қолдарына қолғап киіп, бастарына кеншілердің шамын тағып алған. Тіпті алтындарды алып кету үшін үш сөмке әкелген.

«Ұрыларға кедергі жасау үшін көрші дүкеннен ер адам жүгіріп шыққан, Алайда олар оның көзіне баллоннан бұрышты-газ шашып кеткен. Иісшіл ит ізді сол маңдағы гаражға шейін тапты. Сол арадан екі сөмке шықты. Алайда ұрылар ішінде 12,6 миллион теңгенің тауары бар сөмкені ала кеткен. Оның ішінде бриллиант бұйымдар, ерлердің алтын сақинасы мен алқалар болған», - дейді кәсіпкер.

Тәртіп сақшылары оларды іздестіру шараларын қолға алған. Алайда жасалып жатқан шаралағар қарамастан күдікті адамдарды анықтау мүмкін болмаған. Дүкен иесі күдіктілерге қатысты қандай да бір құнды ақпарат берілсе, ол үшін қомақты сыйақы беруге әзір екендігін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
8
2
2
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір