RU
Арыстанбек Мұхамедиұлы қос ұлының Ninety One секілді сырға тағуына жол бермейтінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Арыстанбек Мұхамедиұлы қос ұлының Ninety One секілді сырға тағуына жол бермейтінін айтты

Рассказать Вконтакте

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желіге күніне бар-жоғы 15 минутын арнайтынын айтты. Министр Facebook желісінде Мұхтар Тайжан мен Серік Абас-шахты оқитынын жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы желідегі Байзақоваға деген қызығушылығы туралы сұраққа жауап берді

Арыстанбек Мұхамедиұлы желідегі Байзақоваға деген қызығушылығы туралы сұраққа жауап берді

Ел арасында кеңінен танымал жас блогерлердің парақшаларына жазылмаған көрінеді.

Шенеунік, сондай-ақ, атышулы Ninety One тобына қатысты да пікір білдірген. Айтуынша, топ мүшелерінің киім киісіне сыни көзбен қарап, жас буын олардан үлгі алуды жөн санамайды екен.

«Шынымды айтсам, мен консервативті көзқарастағы адаммын. Жігіттердің сырға тағып алып өнер көрсетуін құптай бермеймін. Алайда, әркімнің өз талғамы бар, біз оларға «мынаны істе, істеме» деп айта алмаймыз. Өзімнің екі ұлым бар, олар спортпен шұғылданады, өз мамандықтары бойынша жұмыс жасап жатыр. Егер, олар да «Ninety One» жігіттеріне қарап, сырға тағамын десе, мен әрине, қарсы болатын едім»,-дейді минстр.

Ал, жастардың атышулы топтың шығармашылығына әуес болуының өзіндік себептері бар екен.

Бұған себеп, «Қазақстанның мәдениеті бүгінмен шектеліп қалмайды, ол үнемі дами береді. Сондықтан, онда – эстрада, классика, фольклор да болады»,-деп түсіндірді шенеунік.

Мәдениет министрі өз кезегінде, классикалық музыканы ұнататынын айтып, Ескендір Хасанғалиев, МузАРТ тобы, Бекболат Тілеухан, Жеңіс Сейдоллаұлының әндерін тыңдайтынын атап өтті.

Мұхамедиұлының сөзіне сенсек, отандық эстрада бүгінге күні қарыштап дамып, жаңа деңгейге аяқ басқан екен. Мысал ретінде, министр Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасованы тілге тиек етті. Айтуынша, аталған әншілер бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
5
1
3
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір