RU
Ақтөбедегі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды

Рассказать Вконтакте

Кемеровода болған қайғылы оқиғадан соң Ақтөбе әкімшілігі сауда орталықтарында тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірнеше ғимарат өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбедегі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды

Ақтөбедегі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды

Мамандардың айтуынша, егер олқылықтың орны толтырылмаса, қайғылы оқиға елімізде де қайталануы мүмкін.

Анықталғандай ірі сауда орталықтарының көбісі өрт қауіпсіздігі мен террорлық әрекеттерге қарсы тұра алмайды екен.

Ақтөбедегі «Мега-шығыс», «Ауылшаруашылық базары», «Алтай», сондай-ақ «Керуен Сити» сынақтан өткен.

Ақтөбедегі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды

Ақтөбедегі сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды

Бұл мекемелердің барлығында төтенше жағдайда көшіру үлкен мәселеге айналады.

Ал үш қабатты «Керуен Сити» ойын-сауық орталығында эскалатор мен лифтінің көмегімен ғана түсу мүмкіндігі бар екен.

«Жақында «Керуен Сити» орталығында балаларды оқыс жағдайда не істеу керектігіне үйреттік. Жоғарыда күзетші де, дабыл белгісі де жоқ. Өрт пен басқа да жағдайлар орын алғанда 500-600 адамды бір уақытта түсіру мүмкін емес. Сондықтан орталықты қауіпсіздік шараларына сай етіп қалпына келтіруді ұсындық», - дейді ішкі істер департаментінің басшысы Бауыржан Атабаев.

Айта кетейік, 2017 жылы 296 объект тексерілуден өткен. Оның 16-нан 82 қауіпсіздік ережесін бұзу байқалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір