RU
Сағынтаев жастарға сын айтқан ОҚО әкіміне ескерту жасады
Жаңалықтар Қоғам

Сағынтаев жастарға сын айтқан ОҚО әкіміне ескерту жасады

Рассказать Вконтакте

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевқа ескерту жасады, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сағынтаев жастарға сын айтқан ОҚО әкіміне ескерту жасады

Сағынтаев жастарға сын айтқан ОҚО әкіміне ескерту жасады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев күнгей өңірге жасаған ресми іссапары кезінде жастармен кездесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылады. Жиын барысында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев білім аламын, маман иесі атанамын, кәсібімді ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар облыстың мүмкіншіліктеріне тоқталып өткен аймақ басшысы жастар қауымына облыс орталығында не болып жатқанын білмейсіздер деп сын айтты.

«Қазір мен сұраймын, біздің "Оңтүстік" индустриалды аймағына, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына барып, сол жерді аралап көрген адамдар бар ма? Қол көтерсінші, қане. Міне, үшеу ғана. Төрте-бесеу ғана... Яғни, сіздер облыстың орталығында өмір сүріп, не болып жатқанын білмейсіздер. Өмір қайнап қызып жатыр, бір Шымкентте үш индустриалды аймақ бар, әрқайсысында сегіз-он бес завод, фабрика бар. Бір арнайы экономикалық аймағы бар, екі кілем, екі шұлық, үш текстиль фабиркасы бар. Бақытжан Әбдірұлы айтқандай, бәріміз бірге ат салысуымыз қажет. Сондықтан біз талап ете бермей, «мен не бере аламын?» деген күшпен жұмыс істейік», -деді Жансейіт Түймебаев.

Алайда залда отырған жастардан «қол көтеріңіздерші» деп сұраған аймақ басшысының бұл сөзі Үкімет басшысына жақпай қалған болу керек, бұл бойынша Бақытжан Сағынтаев аймақ басшысының өзіне тапсырма берді.

«Жақсы рахмет, айтқан сөзіңіздің барлығы орынды. Бірақ, Жансейіт Қансейітұлы, сіз облыстың басшысысыз, сіз соны ұйымдастыруыңыз керек. Жастардан сұрамай, қаншауың бардың демей, жастарды жаңағы айтқандай алып баруыңыз керек», - деп сөз алған премьер-министр Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын үш млн халықтың байлық екенін атап өтті.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір