RU
Адам өлтіргені үшін сотталған қазақ спортшысы үкімді естігенде жылап жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Адам өлтіргені үшін сотталған қазақ спортшысы үкімді естігенде жылап жіберді

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысындаға Рудный қаласында танымал кикбоксшы Диар Қожақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол адам өліміне кінәлі деп танылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Cот Қожақовты 106 бап 3 бөлім бойынша кінәлі деп тауып, 8 жылға темір торға тоғыту үкімін кесті.

Оған қоса сотталған азамат зардап шеккен тарапқа 1 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Диар Қожақов сот үкімін естігенде көзіне еріксіз жас келіп, жылап жіберді.

Айта кетейік, оқиға 2017 жылдың тамыз айында Рудный қаласында орын алған. Қожақов пен Дмитрий Дядюн арасындағы өзара келіспеушілік туындады. Қостанай облысының кикбоксинг құрамасының капитаны Диар Қожақов Дмитрий Дядюнды жойқын соққы астына алған.

Сансыз жарақаттар алған Дмитрийді бірден ауруханаға жеткізген. Алайда, бірер сағаттан соң оны үйіне жібере салған көрінеді. Араға бірнеше күн салып Дмитрий Дядюн қайтыс болған.

Қазіргі таңда, Дмитрий өліміне кінәлі деген күдікпен қалалық емхана дәрігеріне де қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
6
5
5
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір