RU
Ертістегі жарылыс Семей үйлерінің терезелерін күл-талқан қылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ертістегі жарылыс Семей үйлерінің терезелерін күл-талқан қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Редакцияға хабарласқан NUR.KZ оқырманы жарылыс толқының Семейдегі көпқабатты үйлердің терезелерін шағып түсіргені жайлы ақпаратпен бөлісті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

«Олар Ертістегі мұзды жару үшін қанша жарылғыш зат керектігін есептеген сияқты. Жарылыс толқыны көпқабатты үйлердің терезелерін бір мезетте шағып тастады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ көрінеді», - деп жазылған оқырманның әсерлі хатбарламасында.

Семей қаласының әкімшілігі Төтенше жағдай оқиғасы растағанымен, оның анық-қанығын айта алмады.

"Востоквзрывпром" ЖШС-нің мәлімдеуінше, жарылыс жұмыстары Ертіс өзенін мұздан босату мақсатында жүргізіледі. Оған қоса, мекеме қызметкерлері барлық ережелерді қатаң түрде сақтайтындарын айтты. Алайда, толқынның таралу әсерін ешкім тоқтата алмайды. Семей әкімшілігі жарылыс жұмыстарынан хабардар болған, және де жергілікті тұрғындарды алдын ала хабарлап қоюға міндетті еді дейді "Востоквзрывпром" ЖШС.

Назар аударыңыз, видеода боғауыз сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз
2
5
0
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel