RU
Семейде 70-тен астам үй топан судың астында қалды (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде 70-тен астам үй топан судың астында қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында Ертіс пен Сырдария өзендерінің деңгейін көтеріп жіберген мұз кесірінен 80-ге жуық үй мен «Шағала» балалар лагерін су басты деп хабарлайды NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Топан су Семейдегі 76 тұрғын үйді шайып кеткен. Жергілікті тұрғындардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары күш жұмылдыра суды тартып шығару шараларын іске асырды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, Сырдариядағы судың деңгейі төмендеп кеткен.

ШҚО-ның аумағында жалпы алғанда 118 тұрғын үй, 200-ге жуық аула мен 7 саяжай судың астында қалды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қарағанды облысындағы Шет ауданында топан су Шопа елді-мекені мен Шемонаихинск ауданындағы жолдарды шайып кеткен.

ШҚО-да эвакуацияланған 1732 адамның 643-і үйлеріне оралды.

"Затон" және "Полковничий остров" аудандарының тұрғындары NUR.KZ редакциясына оқиға орнынан түсірілген видематериалдарды жіберді.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер кездеседі!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
3
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір