Жириновский ажыраспай-ақ екінші рет үйленуге рұқсат беруді ұсынды
Ресейдің Либеральды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский мемлекеттік думаның басшылығы мен депутаттарының премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездесуінде алимент төлеуді тоқтатуды және екінші некені алғашқысын бұзбай-ақ тіркеуге рұқсат беруді ұсынды.

"Алимент төлеуді тоқтату керек. Ақшаны мемлекет төлей алады, алимент бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы ауыр жанжалдарға жиі себеп болады. Ол жаңадан отбасы құруға кедергі келтіреді. Алименттің пайдасынан зияны көп ", — деді Жириновский.
Сондай-ақ, ол ажырасудың болмауы психологияға оң әсер етіп, бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Екінші некені алғашқысын бұзбай-ақ тіркеуге құқық беру керек. Әңгіме көп әйел алу туралы емес. Олар бөлек тұрады. Алайда бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді. Ажырасудың болмауы психологиялық жағдайды жақсартады", — деп мәлімдеді партия жетекшісі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
3
0
0
6
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір