RU
Қарағандылық полицей киімін киіп, тұрғындарды тонап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық полицей киімін киіп, тұрғындарды тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық 25 жасар азамат өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды тонап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандылық полицей киімін киіп, тұрғындарды тонап кеткен

Қарағандылық полицей киімін киіп, тұрғындарды тонап кеткен

Қылмыстық іс Қазыбек би ауданына қатысты сотта қаралды. Қылмыскерге бір жыл алты ай бас бостандығынан айырылу жазасы кесілді.

Азаматтың үстінен үш адам арыз жазған. Іс 2016 жылдың 11 желтоқсанында болған.

Ол бірінші қылмысын, азаматшаны алдап, сеніміне кіріп үйіне кірген. Құжаттарын тексерген болып, ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Ал екінші қылмысын өткен жылы қазан айының басында жасаған. Ол көше бойында ұсақ-түйек сатып тұрған әйелге келіп, әкімшілік қызметкері болып танысқан. Сөйтіп, саудагерден айыппұл талап еткен. Қорқып кеткен әйел үйіне асыққан. Онымен бірге үйге кірген қылмыскер, шәй сұраған. Ешкім аңдамай қалған сәтте 65 мың теңгені қолды еткен.

Осы оқиғадан кейін бір ай өткенде ол қайтадан өз әдетіне басқан. Бұл жолы оған көлік жүргізушісі алданған. Көлігіне отыруды өтінген ол, жүргізушінің әмианын жымқырып үлгерген.

Бұл деректердің барлығын сотталушы мойындаған. Қылмыскерге сот өткен жылы бір жыл алты ай мерзім белгілеген. Бірақ зардап шегушілер кешірім бергендіктен, бұл шешім өз күшін жойған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір