RU
Бүгін еліміздің бірнеше облысында қар жауады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бүгін еліміздің бірнеше облысында қар жауады

Рассказать Вконтакте

Бүгін елімізде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Кей өңірлерде қар, жаңбыр күтілуде деп хабарлайды Казгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін еліміздің бірнеше облысында қар жауады

Бүгін еліміздің бірнеше облысында қар жауады

Тек батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ,оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20, Павлодар облысының кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман болады.

Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с күшейеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір