Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тегін палау таратқан жігіт Аягөздегі қандастарына көмек көрсетуде

Опубликовано:

Шымкентте наурыз мерекесі қарсаңында көшедегі қайыршыларға наурыз көже таратқан Айбар Камал есімді азамат енді Аягөз тұрғындарына көмекке асықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте тегін палау таратқан жігіт Аягөздегі қандастарына көмек көрсетуде. Фото: Instagram
Шымкентте тегін палау таратқан жігіт Аягөздегі қандастарына көмек көрсетуде. Фото: Instagram: UGC

Бұл туралы "Жастар" ресурстық орталығының еріктісі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Ер басына күн туса етігімен су кешер. Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер. Əкеден жақсы ұл туса елінің қамын жейді. Əкеден жаман ұл туса елінің малын жейді. Қазақ елінің текті жастары біріксе барлығын жеңеріне сенемін", - дейді Айбар.

Айтуынша, ол "Аягөзге көмек" деп үндеу жарияланған соң, атсалысып демеушілерден жиған дүниесін бөлісіп отыр.

"Ұн, күріш, картоп, пияз, сəбіз, макарон, шай, құрма, орамжапырақ, қызылша, тұрып, алма, киім-кешек.т.б. Жалпы 3 тоннаға жуық өнім. Əркім өз барымен бөліссін", - дейді жігіт.

Еске сала кетейік, осыған дейін шымкенттік жігіттің бір күнде 25 келі палау таратқаны айтылған еді. Сондай-ақ ол наурыз мерекесінде көшедегі қайыршыларды да тамақтандырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723914-symkentte-tegin-palau-taratkan-zigit-aagzdegi-kandastaryna-kmek-krsetude/

pixel