RU
Допингпен ұсталған "Канело" спорттан қанша уақытқа шеттетіледі?
Жаңалықтар Әлемде

Допингпен ұсталған "Канело" спорттан қанша уақытқа шеттетіледі?

Рассказать Вконтакте

Невада штатының спорт комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альваресті допинг қолданғаны үшін спорттық жарыстардан бір жылға шеттетуі мүмкін деп жазды sports.kz.

"Канелоның" спорттан қанша уақытқа шеттетілетіні белгілі болды

"Канелоның" спорттан қанша уақытқа шеттетілетіні белгілі болды

"Канелоның " 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Спортшының өзі бұл зат малдың азығына қосылатындықтан қанға ет арқылы түсуі мүмкін деп ақталды.

Ережеде бірқатар препаратқа, оның ішінде кленбутеролға допинг-сынама оң нәтиже көрсеткен жағдайда нақты жаза қарастырылған екен. Мұндай кезде спортшы жарыстардан бір жылға шеттетіледі.

Сонымен бірге атлетикалық комиссия ерекше жағдайларды ескеріп (Канелоның жағдайында – сынамалардан тыйым салынған зат аз көлемде табылса және ағзаға кленбутеролдың абайсызда түсіп кеткенін дәлелдей алса), шеттету мерзімін жарты жылға дейін қысқартуға құқылы.

Головкин мен Альварестің реваншы 5 мамырға белгіленген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір