RU
Таразда оқушыны зорламақ болған педофилді такси жүргізушісі ұстап алған
Жаңалықтар Қоғам

Таразда оқушыны зорламақ болған педофилді такси жүргізушісі ұстап алған

Рассказать Вконтакте

Таразда азғындық жасады деп айыпталған азаматты жергілікті тұрғын ұстап берді. 61 жастағы таксист жәбір көруі мүмкін делінген оқушының ұстазымен бірігіп оны қолға түсірген. Сол сәтте 21 жастағы жігіт арам ойын жүзеге асырғанын мойындапты. Алайда мектеп директоры мен полицейлер бұл сөзді теріске шығаруда деп мәлімдеді КТК арнасы.

Таразда оқушыны зорламақ болған педофилді такси жүргізушісі ұстап алған

Таразда оқушыны зорламақ болған педофилді такси жүргізушісі ұстап алған
Source: UGC

Әлеуметтік желіде "8-ші мектепте оқитын 3 сынып оқушысын зорламақ болды" деген күдіктінің суреті жарияланған. Ертесіне іздеуде жүрген азаматты оқушы қыздың мұғалімі көріп қалып, оны қолға түсіруге таксистен көмек сұрайды. Бекболат Досанов дәл бірден күдіктінің соңына түсіпті.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне де қарамай қашқынды қуған. Ал, күдікті тек тротуармен жүгіріп отырған. Бірақ, алысқа ұзай қоймапты. Үйлердің арасына кіріп, жасырынбақ болған жігітке таксист мүмкіндік бермей, қолынан шап беріп ұстаған. Азғындық жасады деп айыпталған азамат еш қарсылық көрсетпеген.

Күдікті ұсталған сәтте жасаған қылмысын мойындап, оқушыға қалай азғындық істегенін тәтпіштеп айтып беріпті. Мұны куәгерлер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Ал мектеп директоры шәкіртін "зорланған жоқ" деп отыр. Оған медициналық тексерулер дәлел дейді. Сондай-ақ, ол оқиғаның қалай болғанын түсіндіріп берді. Айтуынша, оқушыны жақындары мектепке жеткізбей қалдырып кеткен. Сол сәтте 21 жастағы күдікті жеткіншекті күштеп подьезге кіргізіп алған. Бірақ арам ойын жүзеге асырып үлгермепті.

Қамаудағы жігіттің жүйке жүйелері ауруханасында 10 жылдан бері тіркеуде тұрғаны анықталған.

Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бір қызығы, тәртіп сақшылары күдіктіні таксист емес, өзіміз ұстадық деп жарияға жар салуда.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
4
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel