RU
Қазақстандық сенаторлар қызға "қырғидай тиетін" депутатқа қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық сенаторлар қызға "қырғидай тиетін" депутатқа қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Парламент сенатының депутаттары сексуалдық азғындық бойынша айыпталған ресейлік мемлекеттік дума депутаты Леонид Слуцкийге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ

Коллаж NUR.KZ
Source: UGC

"Егер екі жақты сезім тең болмаса, қандай қамқорлық немесе ілтипат болуы мүмкін? Егер қыз қаламай тұрса, оған қайта-қайта бара берудің не қажеті бар? Өз сезіміңді біреуге тықпалаудың қажеті жоқ. Әсіресе, қызметтік қарым-қатынаста бұл ереже сақталуы керек", - дейді Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова.

Алайда, оның айтуынша барлығымыз адам болғандықтан, жақсы көру, ұнатып қалу сезімдерінен қашып құтыла алмаймыз.

"Егер біреу жақсы іс тындырса, оған жағымды пікір айтып, мақтап қоюдың еш әбестігі жоқ. Тек этика нормаларынан аттамау керек", - деп сөзін қорытындылады ол.

Ал парлмент сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлікті тұрақты дамыту комитетінің мүшесі Мұратбай Жолдасбаев батыста мұндай жағдайдың жиі кездесетінін атап өтті.

"Батыс актрисалары көбінесе, өздерінің сексуалдық зорлыққа ұшырағанын айтып жатады. Бұл сол жақтан келген сарын деп ойламын. Ал біздің елде кеңестік тәртіп әлі де болсын сақталған. Оларға қарағанда, әйелге деген сый жоғары.

Қалай болғанда да, сұлу әйелдерді ұнатпау мүмкін емес. Тура сол сияқты, әйелдер де ер азаматтарға көз қырын салады. Бұл биологиялық түрде қалыптасқан. Әрине, егер арсыздыққа барса, онда жазалануы керек", - деді сенатор.

Қазақстандағы жалғыз әйел-генерал Сәуле Айтпаева болса қазақтың ұл-қыз тәрбиелеудегі ерекшелігіне тоқталып өтті.

"Бұл - біздің рухани байлығымыз. Қараңыздаршы, біздегі жастар ересектермен бірге Кемероводағы жағдай үшін уайым жеп отыр.

Екіншіден, бұл - әрбір адамның ішкі және сыртқы мәдениетіне байланысты. Егер қыздар еш себеп бермесе, азаматтар да оған сыйластықпен қарайды.

Әрбір адам алдында тұрған нәзік жанды біреудің қарындасы, анасы немесе қызы екенін естен шығармауы керек. Өз жақындарымыздың жүрегін жаралағымыз келмейді ғой", - дейді сенатор.

Еске салсақ, осыған дейін екі журналист депутат Леонид Слуцкийді азғындық әрекетке барды деп айыптаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel