RU

Розы Рымбаева: Әншіліктен бұрын бақытты анамын

Халық әртісі Роза Рымбаева өзінің отбасылық құпияларымен бөлісті деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші шығармашылықпен айналысып жүріп қалғанын айтты.

«Бірінші ұлым Әлиді кеш босандым. 33 жасымда. Гастрольдік сапарларда жүрдім. Менің бүкіл өнеріме басшы болған марқұм күйеуім Тасқын Омаров. Осыдан кейін барып, кеш ана атандым. Кезінде Әлиді босанып, кейін артынан тағы бірнеше сәби босанғанда мен бұл атаққа қол жеткізбес едім деп ойлаймын. Балаларымның арасы тоғыз жас. Балам жалғыз емес, шүкір», - деді әнші.

«Мен ұзақ уақыт бала болып жүрдім. Балалығым тарқамады. Тек Әли мен Мәдиді дүниеге әкелген соң ғана әйелге тән мінез пайда болды. Оған дейін мен еркекшора болған сияқтымын. Себебі, әйелдік мінез-құлық менде кеш пайда болды», - деп ағынан жарылды Роза Рымбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723951-rozy-rymbaeva-nsilikten-bryn-bakytty-anamyn.html