RU
Ақтөбеде қармен бірге еріп жатқан асфальт тұрғындардың ашуын келтірді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде қармен бірге еріп жатқан асфальт тұрғындардың ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қармен бірге асфальт та еріп жатыр, соның салдарынан жолдардағы проблемалы учаскелер көбейген деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбеде қармен бірге еріп жатқан асфальт тұрғындардың ашуын келтірді

Ақтөбеде қармен бірге еріп жатқан асфальт тұрғындардың ашуын келтірді

Асфальт шұрық тесік болғандықтан, көлік жүргізушілері жылдамдықты барынша азайтып жүретіндерін айтады. Олай етпеген жағдайда дөңгелек тесіліп, көліктің жүру бөлігіне зақым келуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта жедел және түбегейлі жөндеуді қажет ететін бес көше бар.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбеде әр көктем сайын осы жағдай қайталанады. Қала тұрғындары бұл мәселеге шенеуніктердің назарын аударту үшін әртүрлі әдіс-тәсіл ойлап табады.

«Жолды жөндеуге миллиондап ақша шашатын шенеуніктер мен мердігерлерді ұялтуға тырыстық. Әртүрлі флешмобтар ұйымдастырдық. Тіпті кейбір жол учаскелерін өзіміз жөндеп көрдік. Ал кейбір батыл адамдар әкімдік қызметкерлерін сотқа берді», - дейді қала тұрғыны.

Шенеуніктер бәріне кінәлі қолайсыз ауа райы жағдайы екенін айтады. Телеарнаның хабарлауынша, олар қазір жол жөндеу жұмыстары үшін кезекті бірнеше миллиондық транш күтуде.

«Жалпы көлік жолдары мен жолөткел, жол айырығы құрылысы үшін үш миллиард теңге бөлінді. Бұл бастапқы кезең үшін бөлінген қаржы. Алдағы уақытта тағы да қаражат бөлу жоспарлануда», - дейді Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Руслан Төреғали.скерту!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel