RU
"50 см аяғың бар": Бір аяғынан айырылған футболшы арбаға жете алмай жүр
Жаңалықтар Қоғам

"50 см аяғың бар": Бір аяғынан айырылған футболшы арбаға жете алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Ауыр дертпен күресемін деп, бір аяғынан айырылған астаналық жас футболшыға "50 сантиметр аяғы сақталып қалғаны" үшін арба бермей қойыпты. Бұл туралы азамат өзінің видеожазбасында айтып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бахтияр Мұхамбетқалиев кәсіби футболмен айналысқан. Алайда обыр дертіне шалдыққан соң аяғынан айырылыпты. Оң аяғын жақында ғана алдырған Бахтияр еңсесін түсірмей, өмір үшін күрескісі келеді. Спорттық жаттығуларын да тастамайды екен.

Алдағы уақытта спортшы жігіт жасанды аяқ салдырмақшы. Ал оған дейін, әрі-бері қимылдауға арба алғысы келген екен.

"Маған арба керек. Бірақ "50 см аяғың бар" деп балдақпен жүруімді сұрады. Маған онымен секіріп жүру қиын емес. Дегенмен Астананың қолайсыз ауа-райында тіпті, дені сау адамның өзі әзер жүреді емес пе?! Егер мен сияқтыларға бермесе, сонда ол арбаны кімге береді?", - деп ашынды азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір