Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауылдасын өлтірген қазақ футболшысы тоғыз жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Қазақстандағы "Жетісу" және "Алтай" командаларының бұрынғы футболшысы Саят Сариев Алматы облысында адам өлтіргені үшін сотталып кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Саят Сариев. Фото: vesti.kz
Саят Сариев. Фото: vesti.kz: UGC

Сот алқасы берген мәліметтерге сәйкес, қылмыс 2017 жылы 28-нен 29 қарашаға қараған түні орын алған.

Мас күйдегі жартылай қорғаушы бұрыннан ерегісіп жүрген ауылдасы Асланмен тағы да келіспей қалады.

Олардың арасында жанжал туындайды: Аслан футболшыға сыра тауып бер деген, ал Саят оған ақшасы жоғын айтыпты. Сонда әлгі жігіт Сариевті ұра бастаған соң, спортшы қалтасынан қаруды шығарып, оны атып тастайды. Нәтижесінде, азамат қайтыс болған.

Сот Саятты тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айта кету керек, Сариев сот үкімімен келіспей, апелляцияға өтініш берді. Келесі тыңдалым сәуір айында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723973-auyldasyn-ltirgen-kazak-futbolsysy-togyz-zylga-sottalyp-ketti/

pixel