RU
Қайрат Нұртас 1000 теңгені әрең табатын тыңдармандары туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас 1000 теңгені әрең табатын тыңдармандары туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас өзінің тыңдармандарының кейде көңілін түсіретінін айтып, концерттеріндегі оқыс жағдайлардан қалай сытылып шығатынын түсіндірді деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Нұртас: Халық болмаса біз кімбіз?

Қайрат Нұртас: Халық болмаса біз кімбіз?

«Кейде концертке келген тыңдармандар риза болмай жатады. Сондайда мен неге ұнамай жатқанын сұрап, келесі әнімді сол тыңдарманыма арнаймын. Әрине, халық болмаса, біз кімбіз? Кей адамдар 1000 теңгенің өзін зорға табады. Сол тиынын жинап, сенің концертіңе келіп отырғанда, ол адамның көңілін түсіруге болмайды. Жылы сөйлеп, алдай салсаңыз, ол адамның да көңілі көтеріліп қалады», - деді әнші.

Сондай-ақ, әнші тыңдарманымен суретке түсуге қиналатын әріптестерін түсінбейтінін айтты.

«Ол адам сенімен суретке түсу үшін концертке келеді. Соңғы ақшасын құртуы да мүмкін. Ондай адамның қалай көңілін қайтарасың? Ол кісімен суретке түсе салсаң, оны өмір бақи ұмытпайды», - деді Қайрат Нұртас.

Ал әншінің жары оның құпияларымен бөлісті.

«Оның дайындығын қатты байқамасам да, сахнада арқасы қозатынын білемін», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
2
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір