RU
Тұрсынбек Қабатов концерттен түскен бар ақшасын аягөздіктерге жіберді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов концерттен түскен бар ақшасын аягөздіктерге жіберді

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да гастрольдік сапармен жүрген Тұрсынбек Қабатов пен оның командасы концерттік бағдарламадан түскен барлық қаражатты Аягөздегі топан судан зардап шеккендерге аударатын болды. Сахнада тұрып осы туралы мәлімдеген әлізкешке жұрт риза болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов пен оның командасы кеше ғана Аягөздегі жалғызбасты анаға үй сыйлаған "Өнер қырандарынан" қалмақ емес. Олар концерттік бағдарламадан түскен барлық қаражатты апатты аудандардағы зардап шеккендерге беретін болған.

Саханада осы игі іс туралы айтқан Тұрсынбекке ел сүйсініп, оны шапалақпен қошеметтеді.

"Біздің атымыздан, сіздердің атыңыздан көмек болсын дей отырып, осы концерттен түскен қаражаттың барлығын Аягөзде аударамыз деп шештік. Сондықтан бізге көмектесіп отырғандарыңызға рахмет. Әр қазақ - жалғызым. Біздің де жанымызға батып жатыр. Әзіл әлемі осындай жағдай болып жатқанда, тойлатып, думандатып, концерт қойып жүргені несі деп айтпасын. Концертті жоспарлаған кезде ол жайт әлі орын алмаған еді. Оны қоймасақ, мүлдем басқа жағдай болар еді. Осы әрекетіміз арқылы біз Аягөз халқымен, жалпы семейліктермен біргеміз деп айтқымыз келеді", - дейді ол.

Мұны естіген көрермендер әзілкешке ризашылығын білдіріп, шапалақты аямады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
4
71
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel