RU
Сыныптастарының мазағына айналған 14 жастағы қыз өз өзіне қол жұмсаған
Жаңалықтар Әлемде

Сыныптастарының мазағына айналған 14 жастағы қыз өз өзіне қол жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Лондондағы қыздар академиясының оқушысы Елена Мондальдің денесі мектеп бағынан табылған. Сыныптастарының кемсітулеріне шыдамаған қыз өз өзіне қол жұмсаған көрінеді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Елена Мондаль Генриетт Барнетт қыздар академиясының озат оқушыларының бірі болған. Болашақта дәрігер болуды арман етті.

Табиғатынан ақкөңіл, ашық адам болған Елена мектептегі барлық қыздарды өзінің құрбылары ретінде көрді. Алайда, олар мектептің озат оқушысымен жалған достық қарым-қатынасын ұстанған.

Қыздар оның ту сыртынан жаман әрі негізге жанаспайтын әңгімелерді таратты. Оның жетістіктері мен арман-мақсаттарын көре алмаған қыздар кейіннен жасырынбай, балағат сөздерді оның өзіне де ашық айта бастаған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Сыныптастарының мазағына айналған Елена, олардың үздіксіз кемсітулеріне шыдай алмай өз өзіне қол жұмсауға бел буды. Оның денесін мектеп бағынан мұғалім тауып алған. Бастапқыда қыз баланың тірі болғаны белгілі болды. Алайда, оның жүрегі ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде тоқтап қалды.

Тергеу барысында 14 жастағы қызбен бір жыл бойы психологтар жұмыс жасағаны белгілі болды. Ол күйзеліс кесірінен дұрыс тамақтанбайтын болған көрінеді.

Мектеп қызметкерлері оқушылар арасындағы агрессия бүгінгі күні басты мәселе болып отырғанын айтады. Замандастарының мазағы көптеген оқушыларды өмірмен қош айтысуға итермелесе керек.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
16
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel