RU
4500 өзбекті пәтеріне тіркеуге тұрғызған астаналық тұрғын жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

4500 өзбекті пәтеріне тіркеуге тұрғызған астаналық тұрғын жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Елордалық тұрғын өз пәтеріне 4500-нан астам өзбек азаматын тұрғылықты тіркеуге тұрғызып, сол «көмегі» үшін олардан ақша алып келген деп хабарлайды esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астаналық тұрғын 5000-ға жуық өзбек азаматын өз пәтеріне тіркеуге тұрғызып қойған

Астаналық тұрғын 5000-ға жуық өзбек азаматын өз пәтеріне тіркеуге тұрғызып қойған

Басылымының мәліметінше, қалалық прокуратура осындай сұмдық жайттың бетін ашты.

Астана тұрғыны 4567 Өзбекстан азаматын өз пәтеріне тұрақты тіркеуге қойып, олардан осы үшін 3-5 мың теңге көлемінде ақша алып келген.

Десе де, көрші ел азаматтарының барлығы дерлік шын мәнісінде бұл пәтерде тұрмағаны анықталыпты.

Аталған іске қатысты бүгінде астаналық тұрғынның үстінен іс қозғалған. Әзірге аталған оқиға прокуратура қызметкерлерінің қатаң бақылауында тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
4
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel