RU
Атыраулық ару байқауда жеңіп алған көлігін енесіне сыйламақшы (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық ару байқауда жеңіп алған көлігін енесіне сыйламақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

Елімізде өткізілген "Miss Virtual Kazakhstan" сұлулық байқауы жақында ғана өз мәресіне жетті. Сайыс туралы жеңімпаздарды марапаттау кешіне арнайы барып қайтқан NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сұлулық байқауында жеңіске жеткен қыз көлігін енесіне сыйламақшы (фото)

Сұлулық байқауында жеңіске жеткен қыз көлігін енесіне сыйламақшы (фото)

Сұлулық сайысы осыдан төрт ай бұрын әлеуметтік желілерде ашық дауыс беру арқылы басталды.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыстың басты ерекшелігі - қатысушылардың жасы, салмағы, бойы және тұрмыстық жағдайы маңызды емес.

Яғни, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кез келген ару бағын сынап көруге мүмкіндік алған.

Ал байқаудың ең басты сыйлығы - су жаңа автокөлік.

Қатысушылар төрт ай бойы желіде лүпіл жинап, нәтижесінде Атырау қаласының тұрғыны - Айзада Жолмағанбетова жеңіске жетіп, автокөлік иесі атанды.
Сұлулық байқауында жеңіске жеткен қыз көлігін енесіне сыйламақшы (фото)

Сұлулық байқауында жеңіске жеткен қыз көлігін енесіне сыйламақшы (фото)

Байқау туралы әлеуметтік желі арқылы білген 26 жастағы Айзада - тұрмыс құрған, бір баланың анасы. Су жаңа көлік иесі атанған ару қуанышын жасыра алмады.

«Автокөлік ұтып алғаныма әлі де сене алар емеспін. Көлікті енеме сыйлаймын. Себебі ол мен үшін күн сайын дұға жасаған болатын», - деді Айзада.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel