RU
Жезөкшелерді «тегін» қызмет көрсетуге мәжбүрлеген полицейлер ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Жезөкшелерді «тегін» қызмет көрсетуге мәжбүрлеген полицейлер ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда бір топ полицей өздерінің қызметін асыра пайдаланып, жезөкшелерді тегін «қызмет көрсетуге» мәжбүрлеп келген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қонақүйге жезөкшелерді шақырып, «тегін» қызмет көрсетуге мәжбүрлеген полицейлер ұятқа қалды

Қонақүйге жезөкшелерді шақырып, «тегін» қызмет көрсетуге мәжбүрлеген полицейлер ұятқа қалды

Қарағанды полицейлеріне қатысты тағы да шу шықты.

Бұл жолы олар өздерінің қызметін асыра пайдаланып, жезөкшелерді өздеріне «тегін қызмет» көрсетуге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр.

Өкініштісі, мұндай жайт бірнеше рет қатарынан қайталанған екен. Сот мәліметіне сәйкес, соңғы рет олардың бұл қылығына келіспеген «түнгі көбелектер» құзырлы органға полиция қызметкерлерінің үстінен арыз жазып, олардың үстінен іс қозғалған.

Сотта айыпталушылар өз кінәларының тек жартысын ғана мойындамаған. Олар жезөкшелерді "тегін қызмет көрсетуге мәжбүрлемедік" дегенді алға тартыпты

Десе де сот оларды кінәлі деп танып, шендерінен айырған.

Сондай-ақ, айыпталушыларға ішкі істер органдарында енді қызмет ете алмайды деген шешім шығарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
2
4
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel