RU
ОҚО-да төрт жыл бойы салынған жүзу бассейні үш ай ішінде қирап қалған
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да төрт жыл бойы салынған жүзу бассейні үш ай ішінде қирап қалған

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да пайдалануға берілген бассейн нысаны бірнеше ай өткен соң "қирап" қалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-да төрт жыл бойы салынған жүзу бассейні үш ай ішінде қирап қалған

ОҚО-да төрт жыл бойы салынған жүзу бассейні үш ай ішінде қирап қалған

Әлеуметтік желіде Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында салынған қалалық жүзу бассейн ғимаратының адам шошырлық жағдайы туралы видео пайда болды. Ондағы мәліметке сүйенсек, құрылысы төрт жыл бойы жүргізілген нысан арада үш ай өткен соң жарамсыз күйге түскені айтылады.

Яғни, су бассейні ақауларға байланысты сусыз қалып, нысан қабырғалары түсе бастаған. Аталған видеода су спортымен айналысуды көздеген тұрғындар тек залда жаттығу жұмыстарымен айналысып қана шектеліп жүргені айтылады.

Бұл бойынша Кентау қалалық әкімдігіндегілерге хабарласып, мән-жайды анықтап білдік.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Әлімбай орын алған жағдайды растады.

«Бассейн құрылысы төрт жылға созылуының себебі ақша болмауы салдарынан құрылыс жұмысы тоқтап қалған. Былтыр қаржы қайта қаралып, жұмыстар жүргізілді. Бассейн нысаны былтыр жаз айында пайдалануға берілді. Әкімдікке қарасты құрылыс бөлімі нысанды қабылдап алды.

Қыс ауасында ондағы су ТЭЦ жылыту мекемесі арқылы жылытылады деп есептелген, бассейнді қабылдап алу мерзімі жаз мезгілінде болған соң жылу мекемесін ол кезде қосу мүмкін болмаған. Қыста нысан жылуға қосылғанда жылыту мекемесінің күші жетпегендіктен осындай ақау шықты», - деген баспасөз хатшысы бұл олқылықты мердігер компания қалпына келтіретінін жеткізді.

«Нысанның кепілдік мерзімі бес жыл. Құрылысты жүргізген мердігер компания оны қайта қалпына келтіреді. Жаз айында бассейн толықтай іске қосылады. Бассейн ашық аспан астында болған соң қазірдің өзінде де түсе беруге болады. Ал қыс ауасында ондағы суды жылыту үшін қосымша жылыту қазандығы орнатылады. Оның құрылысы жазда жүргізілмек», - деді Жанна Әлімбай.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel