Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың туған інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың 10 жыл сақтаған құпиясы ашылғалы хитменнің ет-жақындары да жұлдызды жанұя жайлы тың ақпараттармен бөлісуден тартынбайды. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген әншінің кенже інісі, анасының жұртқа беймәлім құпиясын ашып қойды.

Қайрат Нұртастың інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото)
Қайрат Нұртастың інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото): UGC

Гүлзира Айдарбекова осы уақытқа дейін отбасының барлық мүшелеріне немелерелері туралы тіс жармауды өтініп, олардың суреттерін әлеуметтік желіге салуға шектеу қойып келген екен.

«Шынымдай айтсам, балалардың суреттерін салмаңдар деген талап болды. Өйткені олар әлі кішкентай, бұлдіршін, көз тимесін деп. Енді ол құпия болғасын, құпия болып қалды. Бірақ мен өзімнің таныстарыма, достарыма, шындықты айтып отырдым. Менен сұрайды: «Қайрат Нұртастың балалары бар ма? Әйелі бар ма?» - деп. Мен бәріне шындықты айтамын. Бірақ бетпе-бет сөйлескенде ғана. Ал инстаграмға шығаруға болмайтын. Талап сондай болды», - дейді Заңғар.
Қайрат Нұртастың інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото)
Қайрат Нұртастың інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото): UGC

Ойдағы жоспарын сәтті түрде жүзеге асыруға дағдыланған Гүлзира Айдарбекова енді кіші ұлының жұлдызын жағуға бекінген сияқты. Жуырда өткен жанұялық концертте продюсердің үшінші ұлы Қайратпен қосыла ән шырқаған болатын. Заңғардың айтуынша, бұл дуэт ағасының шығармашылығына үлкен төңкеріс әкелді.

«Көбінесе рэп оқығанда ұнатамын. Қайрат ағам екеуміздің жазған әніміз «My universe» деп аталады. Қазақша-ағылшынша ән. Бұл ағамның өзінің өнерінде бір ерекше ән болды деп ойлаймын. Өйткені басқа стильде, басқа форматта орындадық. Менің ойымша қызық болған сияқты», - дейді Заңғар Нұртасұлы.

Қайрат Нұртастың інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото)
Қайрат Нұртастың інісі ағасының жолын қуып, сахнаға шықпақ (фото): UGC

Заңғар бұдан былай шығармашылық жолында тоқтап қалмайтынын айтады. Алдағы уақытта продюсер анасы қолдау көрсетіп, кенже ұлынан да жұлдыз жасауы бек мүмкін.

«Адам болғасын барлық жақтарды көру керек. Спорт саласы болсын, ән жағы болсын, білім жағы болсын, бизнес жағы болсын. Барлығын қарастыру керек. Өмірден бәрін алу керек деп ойлаймын. Енді сәті түссе, халыққа ұнап жатса, қолдап жатса, сахнаға шығуға болады. Маған сахна ұнайды. Заңғар Нұртас, Заңғар Сұлтанбеков. Халық қалай қабылдайды, солай шығатын шығармын», - дейді Қайраттың інісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724037-kajrat-nrtasty-tugan-inisi-agasyny-zolyn-kuyp-sahnaga-sykpak-foto/

pixel