RU
Шымкентте жиырмадан астам бала балмұздақтан уланып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жиырмадан астам бала балмұздақтан уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға 23 адам «ішек инфекциясы» диагнозымен түскен деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Қалалық инфекциялық ауруханаға жүгінгендер 5-18 жас аралығындағылар болып шықты.

«Балалардың қазіргі жағдайы қалыпты. Төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуі кішкентай бүлдіршін болса, екеуі жасөспірім. Балалардың барлығы «Ғажайыптар әлемі» қалалық саябағының маңындағы «Южное» дүкенінен балмұздақ алып жегені анықталды», - деп мәлімдеді ауруханаың бас дәрігері.

Оның айтуынша, балалар балмұздақты 27-ші және 28-ші наурызда алып жесе, ауруханаға айдың 29-ы мен 30-ы күндері түскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
5
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel