RU

Жан Ахмадиев қамшымен сабаған "жезөкше" өзінің әйелі болып шықты

Аты шулы Жан Ахмадиевтің өтірігі әшкере болды. Оның интернет желісіндегі жезөкшелерді сабаған видеосында өзінің әйелі мен таныстары түскені анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC
«Интернет желісіне тарап кеткен Жан Ахмадиевтің жезөкшелерді сабап жатқан видеосы шындыққа жанаспайды, "қойылым" ретінде түсірілсе керек. Видеожазбаға жезөкшелер болып оның әйелі мен таныстары түскен» - деп айтты Алмас Садубаев.

Мұндай жағдайда, Ахмадиевтің әрекеті қылмыстық құқықбұзушылық болып есептелмейді.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Еске сала кетейік, жақында Жан Ахмадиев Алматы қаласындағы Сейфуллин көшесінде тұратын жезөкшелерді сабап жатқан видеосы таралып кеткен болатын. Бұл әрекетімен ол басқа ер-азаматтарды өзінен үлгі алуға шақырған. Алматы қаласының ІІД-нің хабарлауынша, полицияға ешкім жүгінген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724045-zan-ahmadiev-kamsymen-sabagan-zezkse-zini-jeli-bolyp-sykty.html