RU
Гүлзира Айдарбекова: Жұлдыз қаласа, кез-келген киноны өзіміз түсіріп береміз
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова: Жұлдыз қаласа, кез-келген киноны өзіміз түсіріп береміз

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана «Үздік әйел рөлі» номинациясымен марапатталған Жұлдыз Айдарбекованың енесі келінінің әзірге басқа режиссерлармен жұмыс жасамайтынын айтты. Гүлзира Айдарбекова келіні мен немерелеріне арнаған арнайы жобасы туралы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Қайрат Нұртастың тоғыз жыл бойы жұмбақ болған келіншегі бүгінде актриса ретінде танымал. «Арман. Періштелер ұйықтағанда» фильмінде басты рөлді сомдаған Қайрат Нұртастың келіншегі колледжді актриса мамандығымен бітірген.

Алғашқы фильмінен соң бірнеше режиссерлардан ұсыныс алған Жұлдызға, енесі әзірге ешкімнің киносына түсуге рұқсат бермейтінін айтты. Ол:

«Жұлдызға басқа режиссерлардан кастингке шақыртулар келіп жатыр, ұсынылып отырған рөлге байланысты Қайрат, әкесі және мен бірге ақылдасып отырып шешім қабылдаймыз. Әзірге ешкімнің киносына түсуге келісім бермедік. Дегенмен, Жұлдыз өзі қалаған киноны өзіміз түсіріп беруге біздің шамамыз жетеді», - деді.

Сонымен қатар, Гүлзира ханымның айтуынша Жұлдызға кез келген рөлді ойнауға рұқсат бере бермейді.

«Жұлдыз кез келген рөлге шыға бермейді, себебі Қайраттың халық алдында аты бар азамат, сондықтан Жұлдызға актриса ретінде түскен ұсыныстарды қабылдап жатқан жоқпыз», - деп сөзін жалғастырды Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат пен Жұлдыз тым жас кездерінде үйленген. Айтуынша, Гүлзира ханым жас келініне «сені анау-мынау қылып емес, нағыз жұлдыз қылып шығарамын», - деп уәде берген. Келініне берген уәдесін орындаған Айдарбекова ханым енді немереліне де арнаған жобасы бар екенін айтты.

«Мен өзім шоу-бизнесті жақсы білемін. Бұйыртса немерелерімді де осы жолға саламын. Себебі, олар осында керемет өнерлі отбасынан шығып отырған балалар», - деді.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы тарату, көшіріп басы немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
3
3
1
1
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір