RU
Димаш Құдайберген өзінің жұлдызын жаққан әйгілі байқауға әділ қазы ретінде баратын болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген өзінің жұлдызын жаққан әйгілі байқауға әділ қазы ретінде баратын болды

Рассказать Вконтакте

Миллиондардың сүйіктісі Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін жағымды жаңалықтарымен қуантты. Қазақстандық әнші Белоруссияда болатын «Славянский базар» байқауының әділ-қазылар алқасының құрамына кіретін болады. Бұл туралы әнші өзінің жеке Instagram парақшасына жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш Құдайберген «Славянский базар» халықаралық конкурсының әділ-қазылар мүшесінің құрамына кіреді

Димаш Құдайберген «Славянский базар» халықаралық конкурсының әділ-қазылар мүшесінің құрамына кіреді
Source: UGC

Жас әншінің сөзіне қарағанда, «Славянский базар» халықаралық фестивалі оның өмірінде маңызды рөл ойнаған.

"Ең алғаш рет өзімді атақты жас әртіс ретінде осы Белорусиядағы Славян базары байқауындағы жеңістен кейін сезіндім. Мен бұл конкурсты да, және маған үлкен сахнаға шығуға, өз елімнің мәдениетін паш етуге мүмкіндік берген керемет елді де сүйемін.

Осы жылы мен Славян базарында қонақ әрі әділ-қазы мүшесі ретінде қатысамын. Көріскенше Беларусь! See you in July» , - деп жазды Димаш.

Баршаға белгілі «Славян базары» байқауы - Витебск қаласында өтетін халықаралық фестиваль. Мақсаты – шығармашылықты елдер мәдениетімен байланыстыра отырып, бейбіт қоғам құру.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген қытай сериалының саундтрегін орындайтыны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
25
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel