RU
Шымкентте "улы" балмұздақ сатқан киоскі жабылды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте "улы" балмұздақ сатқан киоскі жабылды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тәтті тағамнан уланғандардың саны 39 адамға жеткен. Оның ішінде уланған жүкті әйел де бар. Қазір дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан аяғы ауыр азаматшаның өмірін аман алып қалу үшін күресуде деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Жаппай уланып, ауруханаға түскендердің саны күн санап артып барады екен. Екі күннің ішінде балмұздақ жеп уланғандардың саны отыз тоғызға бір-ақ жеткен. Оның шінде басым бөлігі балалар. Жансақтау бөліміне ауыр жағдайда түскен екі бала мен жүкті келіншек бар. Жаппай уланғандардың барлығы балмұздақты бір жерден сатып алғанын көрсеткен.

"Уланғандар шағымдарында Шымкент қаласы "Южная" кафесіндегі балмұздақ киоскісінде құймалы жемістер қосылған балмұздақ жегендерін көрсеткен. Санитарлық тексеру жұмыстары басталды. Қазір арнайы комиссия құрылып, жұмыстарын бастап кетті. Зертханалық тексеруге тағам сынамалары, сүртінділер, жұмысшылардан анализдер алынды"-дейді ОҚО ҚДСД басшысының орынбасары Жұмағали Медетов.

Мамандар тексеру жұмыстарының қорытындысы үш күннен кейін дайын болатындығын мәлімдеді.

Бұған дейін, Шымкентте жиырмадан астам бала балмұздақтан уланып қалғандығын хабарлаған болатынбыз. Қалалық инфекциялық ауруханаға жүгінгендер 5-18 жас аралығындағылар болып шықты.

Еске салсақ, Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға 23 адам «ішек инфекциясы» диагнозымен түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
6
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel